Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қор басшысы Болат Төкежанов өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау үшін облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті.

Айта кету керек, қазіргі уақытта облыс тұрғындарының 87% -ы міндетті МӘМС жүйесінің қатысушылары болып табылады. Халықтың қалған 13% -ын МӘМС жүйесіне тарту бойынша жұмыс мүдделі мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен жалғасуда.

Кездесу барысында сондай-ақ COVID-19 пандемиясы кезеңінде медициналық ұйымдарды қаржыландыру, халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері, халық үшін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігінің өзекті мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, облыс әкіміне "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Ақтөбе облыстық филиалының жаңа басшысы Алтай Оразбағамбетов таныстырылды.

Оңдасын Оразалин филиалдың бұрынғы директоры Батырбек Нұрғалиевтің жұмысын жоғары бағалады.

16.08.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
В АСТАНЕ ЖУРНАЛИСТАМ ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВУЮ МОДЕЛЬ ПЕРВИЧНОЙ МЕДПОМОЩИ
АСТАНАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Астана қаласының №5 қалалық емханасында баспасөз туры өтті. Оған журналистер мен БАҚ өкілдері қатысып, жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысып, елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуы перспективаларын талқылады.
25.07.2025
ИП И ОСМС-2025: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ ПРО ВЗНОСЫ И ЛЬГОТЫ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МӘМС ТӨЛЕМДЕРІ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Жеке кәсіпкерлер үшін МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлеу маңызды. Себебі бұл сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін мәртебені сақтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылы жарналарды қалай дұрыс әрі ыңғайлы төлеу керектігін түсіндірді.
24.07.2025
ТОП ВОПРОСОВ ПО ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек алу мәселесі бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жаңа топтамасын дайындады. Олардың басым бөлігі сақтандыру мәртебесіне қатысты.
22.07.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу